Мемлекеттік қызметтер

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің

мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы

есеп беру

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді, 2023 жылы бөліммен 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 7 қызмет:

Спорттық разрядтарды тағайындау: спорттық судья 2 қызмет, қазақша күресінен ІІІ жасөспірімдер разряды, шайбалы хоккейден ІІІ жасөспірімдер разряды, волейболдан ІІІ жасөспірімдер разряды 2 қызмет, волейболдан ІІ жасөспірімдер разряды. Бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін.

Халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпарат (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері) стендтер орналастырылған. Ұқсас ақпарат басқарманың сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан. Бөлімнің стендтері мен веб-сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту 55 адамды құрады. Бірінші түсіндіру іс-шарасы 25 адамның қатысуымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында, екінші түсіндіру іс-шарасы 2023 жылдың екінші жартыжылдығында 30 адамның қатысуымен өткізілді: 1) мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары туралы, 2) спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру және одан айыру, төсбелгілер беру қағидалары туралы.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі No 88-V Заңына, бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2023 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақыттылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы электронды режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға ықпал ететін түсіндірме іс-шаралары, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнаманың сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқыту семинарлары өткізілетін болады.

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары

туралы мәліметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Бөлім басшысы Ж.Кемелов

«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, А. Иманов көшесі 78а мекен-жайында орналасқан. Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Бөлімде бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк — разрядтыспортшы, 2-жасөспiрiмдiк — разрядтыспортшы, 3-жасөспiрiмдiк — разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi ортадеңгейдегi   екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы — спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру". (DOCX 332 Kb)

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп беру 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді, 2022 жылы бөліммен 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 6 қызмет:

Спорттық разрядтарды тағайындау: ІІ разрядты спортшы, ІІІ разрядты спортшы, І жасөспірімдер разряды, ІІ жасөспірімдер санатындағы спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы «жаттықтырушы». Бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін.

Халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпарат (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері) стендтер орналастырылған. Ұқсас ақпарат басқарманың сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан. Бөлімнің стендтері мен веб-сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту 55 адамды құрады. Бірінші түсіндіру іс-шарасы 25 адамның қатысуымен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында, екінші түсіндіру іс-шарасы 2022 жылдың екінші жартыжылдығында 30 адамның қатысуымен өткізілді:

  1. мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары туралы,
  2. спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру және одан айыру, төсбелгілер беру қағидалары туралы.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі No 88-V Заңына, бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақыттылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы электронды режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға ықпал ететін түсіндірме іс-шаралары, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнаманың сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқыту семинарлары өткізілетін болады. 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы мәліметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ. 

Бөлім басшысы Ж. Кемелов

Мақаланы құрған күні 08.06.2021 10:57

Мақаланы жаңартқан күні 28.04.2023 17:00

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz