Бөлімнің қызметтері

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (ZIP 29 Kb)

  • Iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту аясындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмiнiң қаулыларын, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
  • Бөлiм құзырына қатысты сұрақтар бойынша облыс, аудан әкiмiнiң тапсыруымен аудан әкiмдiгiнiң қаулы жобаларын, аудандық бағдарламалар әзiрлейдi;
  • Бөлiм құзырына қатысты сәйкесбөлiмшелермен қарым-қатынасты қамтамасыз етедi;
  • Бөлiм құзырына қатысты уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi;
  • Қоғамдық-саяси мәдени iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етедi;
  • Ұлттық-мәдени бiрлестiктермен байланысты жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да қызметтердi атқарады;
  • Ауданды тiл саясатын атқаруды ұйымдастырады, мемлекеттiк тiлдi дамыту бағдарламасы мен заңының орындалуын бақылайды;
  • Аудандық басқару мекемелерiнен, ведомстволардан, жергiлiктi билiк атқарушы органдарынан «Тiлдер туралы» Заңның сорындалуы бойынша есеп берудi, сондай-ақ бөлiм құзырына қатысты ақпараттар, мәлiметтер т.б. құжаттарды талап етедi;
  • «Қазақстан Республикасының Тiлдер туралы» Заңының жүзеге асыун, аудандық мекемелерде, ведомстволарда мемлекеттiк тiлдi енгiзу саласындағы тiлдердiң дамуы мен қызметiнiң мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асу жағдайын зерделейдi;
  • Мемлекеттiк тiлдi қолдану мен дамытуды насихаттауға бағытталған мәдени-бұқаралық шараларды дайындауда және өткiзуде, тiл тукралы заңның орындалуында басқа мемлекеттiк мекемелерiмен қарым-қатынас жасайды;
  • Мәдениет мекемелерiнiң қаржылық жағдайын және материалдық-иехникалық базасын нығайту шараларын жүзеге асырады;
  • Ведомствоаралық мекемелерге қатысты мемлекеттiк және қаржылық тәртiптiң сақталуын бақылайды;
  • Ведомствоаралық мекемелерде кадрларды iрiктеу, орналастыру және тәрбиелеу iсiн жүзеге асырады;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен ұлттық-мәдени құрылымдарымен қарым-қатынас жасайды, ономастикалық комиссия жұмысын қамсыздандырады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қолдану және насихаттау жұмыстарына жетекшiлiк етедi;
  • Рухани құнды мәдениет мекемелерiн сақтау, дамыту және пайдалану, олардың мәдени деңгейiн жоғарлату үшiн шаралар қаблыдайды;
  • Мәдениет үйлерi мен клубтардың, мұражайлардың, кiтапханалардың т.б. мәдениет мекемелерiнiң қызметiн, олардың ведомстволыққа жататынына қарамай үйлестiредi, бақылау жасайды, әдiстемелiк көмек өкрсетедi;
  • Мәдениет мекемелерiнiң байланыстарын сақтау бойынша шаралар әзiрлейдi және жүзеге асырады;
  • Кiтапханалардың халыққа қызмет етуiн және аудандағы мұражай iсiн жақсартуды қамтамасыз етедi;
  • Белгiленген тәртiпте концерттер ұйымдастырады, театрларға, көркемөнерпаздар ұжымдарына, жеке орындаушыларға гастрольдер өткiзуге көмектеседi;
  • Көркемөнерпаздар ұжымдарының сақталуына, халықтың салтын, дәстүрiн, ғұрпын зерделеу және насихаттауға шаралар қолданады;
  • Мәдениет саласында фестивальдар, конкурстар, байқаулар, көрмелер т.б. шаралар ұйымдастырады:
  • Мұражайда бар тарихи-мәдени мұралар мен т.б. құндылықтардың сақталуын бақылайды;
  • Ведомствоаралық мекемелердiң жоспарлы-қаржылық жұмысын ұйымдастыруды, алдағы және жлыдық жоспарларын құрады, белгiленген тәртiпте аудандық бюджетте тұрған мекемелердiң штаттық кестесiн және сметасын бекiтедi, оларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
  • Ведомствоаралық мекемелерде есеп алуды ұйымдастырады, есеп алады, жиынтық бухгалтерлiк есеп алады, олардың жоғарғы орындарға уақытнда берiлуiн қамтамасыз етедi;
  • «Жастар» кешендiк бағдарламасының үйлестiрушiсi болып табылады;
  • «Жастар» аудандық кешендiк бағдарламасының iс-шаралар бөлiмiнiң әкiмшiлiгi және орындаушысы болып табылады;
  • Жастар саясаты аясында аудан әкiмдiгiнiң қаулыларын дайындайды;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қызмет ететiн барлық балалар және жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жасайды және балалар мен жастарға қатысты мәселеллердi шешуге қатысады;
  • Мемлекеттiк органдармен, қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп кәмелетке толмағандар және жастар арасында құқықбұзушылықты алдын алу бойынша iс-шаралар өткiзедi;
  • Мәдениет, бiлiм органдарымен, сонымен қатар өз бетiнше жастар мәдени-тәрбиелеу, кәсiптiк, бiлiмдiк, шығармашылық орталықтар, шеберханалар жастар үшiн фестиваль, байқаулар, көрiнiстер, көрмелер, лотереялар және басқа да iс-шаралар өткiзедi;
  • Аудан әкiмi жанындағы жастар iстерi жөнiндегi Кеңестiң қызметi туралы Ережедегi шартттарға сәйкес Кеңес жұмысына қатысады;
  • Жастар мәселелерi;
  • Ауданның әлеуметтiк-саяси даму жоспарындағы жастарға арналған бөлiмшелерiн құруға және мемлекеттiк мекемелердiң жоспарды орындаудағы қызметiн үйлестiруге қатысады.

Мақаланы құрған күні 23.01.2018 09:43

Мақаланы жаңартқан күні 16.09.2022 15:24

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz