Облыстық «Қызылжар аламаны» айтысының жеңімпаздары

Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің тіл байлығын көрсететін үлкен бір саласы. Ол - суырып салма ақындық өнердің жемісі. Айтыс - cинкреттік жанр, мұнда ақындардың ақындық алғыр-лығымен бірге сазгерлік өнері, әншілік өнері, орындаушылық өнері бірге өрілген.

2020 жылдың 21 тамызында облыстық Қызылжар арнасында тікелей эфирде үш айға созылған «Қызылжар аламаны» телевизиялық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Есіл ауданымыздың қос ақыны Жұмабек Рахымов пен Абзал Жұмабек сынға түсіп, бірінші орынға Абзал Жұмабек (Есіл ауданы Ақтас аулынан), екінші орын Жұмабек Рахымовқа иелінді (Есіл ауданы Өрнек аулынан).

Екі ақынымыз да 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Орал қаласында жоспарланып отырған Республикалық айтысқа жолдау алып отыр.

Жерлестерімізді құттықтай отырайық!

01.09.2020
Қаралым саны: 996
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz