Латын графикасына көшу – заман талабы

2018 жылдың 5 қарашасында Есiл ауданында «Қазақ тiлi әлiпбиiн латын қарiпiне 2025 жылға дейiн кезең-кезеңмен көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын» iске асыру мақсатында «Қазақ тiлi емлесiнiң негiзгi ережелерi жобасын» түсiндiру бойынша жұмыс тобы жұмыс iстедi.

Жұмыс тобының құрамына: Тiлдердi дамыту басқармасының бөлiм басшысы Ә. Сүлейменова, СҚМУ қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж. Таласпаева, Тiлдердi оқыту орталығы басшысының орынбасары О. Жанатов, «Қызылжар» қосымша бiлiм беру орталығының директоры Ж.Мұхамеджанов кiрдi.

Iс-шара аудандық Мәдениет үйiнде өткiзiлдi, оған 35 адам қатысты.

06.11.2018
Қаралым саны: 1339
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz