Хабарландыру

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Есiл аудандық Мәдениет үйi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының директоры (1 бiрл). Азаматтық қызметкер санаты А — 1/2. Жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты.

Лауазымдық мiндеттерi:

Қолданыстағы Жарғы, заңдылықтарға сәйкес, мәдени-демалыс ұйымдар қызметiнiң барлық түрiне басшылық етiп, қабылданған шешiмдер салдарына жауапты. Шығармашылық, әдiстемелiк, мәдени-ағартушылық жұмыстардың жылдық және ағымдық жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асуын ұйымдастырады, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастырады;

Мәдени-демалыс ұйымының үздiк жұмыс тәжiрибесiн зерттеп, қорытындылап, ұйымның тәжiрибесiне енуiн қамтамасыз етедi. Өз күшiмен ұйымдастырылған көркемөнер басшыларының семинарларын, халық шығармашылығы байқауларын, фестивальдар мен байқауларды дайындап, өткiзуге жағдай жасайды. Өз күшiмен ұйымдастырылған көркемөнер ұжымдарының жұмысын бақылайды. Өз күшiмен ұйымдастырылған көркемөнер ұжымдарына шығармашылық көмек көрсетуге, әдiстемелiк құралдар әзiрлеп, сценарий, репертуар құруға және ол материалдарды рецензиялауға жоғары бiлiктi мамандарды тартады.  Саябақтың және оның бөлiмшелерiнiң аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрiстер, планетриялар, кiтапханалар, би және ойын павильондары мен алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлi аттракциондар және халыққа қызмет көрсететiн нысандарды, сондай-ақ үрмелi аспаптар және эстрадалық оркестрлердi, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлi секцияларды ұйымдастырады, бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етедi; Бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, кәсiби шеберлiгiн көтеру үшiн жағдай жасайды, мадақтайды, қызметкерлердiң шығармашылық ынтасын ынталандырады,

 ұйым қызметкерлерiнiң өндiрiстiк және еңбек тәртiптерiн, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауларын бақылайды.

Конкурстың қатысушыларына жалпы талаптар:

 ҚР Конституцияны, ҚР Бюджет кодексiн, ҚР Еңбек кодексiн,  Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттiк мүлiк туралы», «Мемлекеттiк сатып алулар туралы» заңдарын және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, мәдениет пен өнер мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар актiлерiн, мәдени-демалыс жұмыстарының әдiстерi мен түрлерiн, халық шығармашылығының болашақ дамуын, отандық және шетелдiк өз күшiмен ұйымдастырылған көркемөнер ұжымдары мен әдiстемелiк орталық жұмысының тәжiрибесiн, еңбек туралы заңнама негiздерiн, еңбектi қорғау, техникалық қауiпсiздiк пен өртке қарсы қорғау бойынша ережелердi, экономика мен қаржы негiздерiн бiлу.

Бiлiктiлiкке қойылатын талап:

 «Өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» немесе «қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтiлi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекiтiлген, азаматтық қызметке кiру және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлген конкурсқа қатысу туралыөтiнiштi; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; кадрларды есепке алу жөнiндегi толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетiлген);лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiн; еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн; «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

 Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Көрсетiлген құжаттардың бiрi болмаса, конкурсқа қатысушының құжаттары қайтарылады.

Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Ұйым кандидаттардың тiзiмiн бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысушыларды кандидат ретiнде бекiту туралы, әңгiмелесу өтетiн күн, уақыт және орын туралы хабардар етедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған соң 15 күнтiзбелiк күн iшiнде мына мекенжайға тапсырылуы тиiс: 150500, Явленка селосы, А. Иманова көш., 78, «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ. Анықтама телефондары: 8(71543)2-15-06, 2-11-03.

01.06.2018
Қаралым саны: 1587
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz