Есіл ауданында тіл саясатының дамуы туралы

Ауданымыздың мекемелерiнде, кәсiпорындары және ұйымдарында мемлекеттiк тiлде iсжүргiзудi жетiлдiру және тұрғындарды тегiн мемлекеттiк тiлге оқыту үшiн қажеттi материалды-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Ай сайын мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен мемлекеттiк тiлдегi шығыс және кiрiс құжаттарының мониторингiсi жүргiзiледi.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткiштер пайыздық арақатынаста келесiнi құрады: шығыс — 100%, кiрiс — 95% мемлекеттiк тiлде орындалған, жинақталған мәлiметтер Тiлдердi дамыту басқармасына және облыс әкiмiнiң аппаратына жолданады.

2018 жылы Есiл ауданының мемлекеттiк қызметшiлерiн мемлекеттiк тiлге оқытуға 539,0 мың теңге көлемiнде қаражат бөлiндi(2017 жылы — 509,0 мың тг).

2017-2018оқу жылында 3 топ құрылды, оларда 38 мемлекеттiк қызметшiлер оқиды. Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн мемлекеттiк тiлдi меңгеруге барлық жағдайлар жасалған, алайда мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан мемлекеттiк тiлдi оқу бойынша сабаққа қатысуға деген қызығушылықтары байқалмайды.

2017 жылдың 01 қарашасында бiздiң ауданымызда «Қазтест» республикалық тестiлеу жүргiзiлдi және келесi нәтижелер көрсеттi: 67 адам — қарапайым деңгей (23%), 186 адам — базалықдеңгей (63%), 34 адам — ортадеңгей (12%) және 4 адам ортадан жоғары деңгей (1%).

10 тыңдаушы республикалық көлемде тестiлеуден өтiп, соның iшiнде 4 тыңдаушы (4%) республикалық сертификаттарға ие болды.

06.04.2018
Қаралым саны: 1392
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz