Есіл ауданының мәдениет саласын дамыту туралы

Халықты рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуде мәдениет саласы ерекше мәнге ие.

Есепті кезеңге ауданда барлық меншік нысанындағы 43 мәдениет объектісі, оның ішінде:

19- клубтық үлгісіндегі мекемелер,

23 - кітапханалар,

1- тарихи-өлкетану музейі. Олардың қызметі мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған.

2021 жылдың 1 жартыжылдығында мәдениет мекемелерімен 15866 адамды қамтумен 918 іс-шара өткізілді.

Ауданда мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту және халық шығармашылығын жаңғырту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

2021 жылдың 17 наурызында Есіл ауданының орталық аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Адалдық алаңы" жобасы аясында "Парасат жолы" орталығы ашылды. Осындай орталықтар мен бұрыштар ауданның барлық кітапханаларында ашылды. Олар азаматтық қоғамның түрлі өкілдерінің өзара іс-қимылы үшін тиімді алаңға айналды. "Парасат жолы" - бұл адалдық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын насихаттауға бағытталған жоба. Бірінші жартыжылдықта 50 іс-шара өткізіліп, оған 395 адам қатысты, барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды және 11500-ден астам қаралды.

2021 жылы жарияланған балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылы аясында 1 маусымда Есіл балалар кітапханасында салтанатты түрде "КinderLand" мәдени-сауық орталығы ашылды, ол балалар мен жасөспірімдерді пайдалы демалыс өткізу үшін қонақжай қабылдайды.

КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ:

Есіл ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 23 кітапханадан, орталық аудандық, балалар және 21 ауылдық филиалдардан тұрады. Кітапханалардың жалпы қоры 196947 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 71089 дана.

Бірінші жартыжылдықта қорлар 1899 дана жаңа кітаптармен, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған және сыйға тартылған 1677 дана 4368,1 мың теңгеге толықтырылды.

Кітапханалардың негізгі бақылау көрсеткіштері оқырмандар саны, кітапханаға келушілер мен кітап беру болып табылады. Қазіргі уақытта оқырмандар саны 7832 адамды құрайды, келушілер саны – 80026, кітап беру саны-148619.

Кітапханалармен 440 іс-шара өткізіліп, оған 4312 адам қатысты. Сонымен қатар, кітапханалар әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейді, олардың беттерінде әртүрлі тақырыптағы 407 бейне-іс-шаралар жарияланды, олар 224970 рет қаралды. ОКЖ компьютерлер паркі 23 бірлікті құрайды, 12 кітапхана компьютерлендірілген, 5 кітапхана Интернетке шығу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері екі жаңа компьютер сатып алынып, Заградовка және Покровка кітапханаларына Интернет тартылды. Орталық кітапхананың ресми сайты бар, оның беттерінде өз қызметі жарияланады, бұдан басқа сайтта Е. Зикибаев, М. П. Ключеров және т. б. жазушылар мен ақындардың цифрланған кітаптары орналастырылған.

Аудан кітапханаларында 51 бос уақыт клубтары мен үйірмелер жұмыс істейді, оларға 400-ден астам адам қатысады. Сонымен қатар, кітапханалар түрлі бағыттағы 28 жоба мен бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.

Екінші жартыжылдықта кітапханашылар: СҚО кітапханаларының "Кітапхана: алға жылжу" желілік инновациялық жобалар байқауы, "Жылдың үздік кітапханашысы - 2021" атты облыстық байқауларына қатысады.

МӘДЕНИЕТ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖӨНДЕУ:

Есіл ауданында мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл саланы қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Биыл "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша екі мәдениет нысанын – Есіл аудандық Мәдениет үйі мен Корнеевка ауылдық Мәдениет үйін күрделі жөндеу бойынша жобалар іске асырылуда.

Явленка ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден 70 млн.теңге бөлінді. Қабырғаларды жылыту және қабырғаларды керамограниттан жасалған плиткамен қаптау, терезе мен есік блоктарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Корнеевка ауылдық Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына бюджеттен 122 миллион теңге бөлінді. Мәдениет үйі линолеум, ламинат, керамикалық плиткалары бар едендерді толығымен ауыстыруды, ПВХ профильдерінен терезе блоктарын орнатуды, сыртқы қабырғаларды оқшаулауды күтеді. Жоспар бойынша нысан 2021 жылдың қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі.

СПОРТ

2021 жылдың 1 жартыжылдығында жаңа спорттық нысандар салынды: жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы, тартан жабыны бар баскетбол және волейбол алаңы, Волошинка ауылындағы стрит-варкаут көше жаттығу кешені, жалпы сомасы 14,2 млн.теңге.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Явленка ауылында жалпы сомасы 20,3 млн. теңгеге жаңа спорт ғимараттарын салу және Петровка а. стадионында жүгіру жолдарының жабындарын монтаждау, төсеу бойынша жалпы сомасы 20 млн. теңгеге жұмыстар басталды.

06.09.2021
Қаралым саны: 588
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz