Есiл ауданының мәдениет саласын дамыту туралы

Халықты рухани-адамгершiлiк және патриоттық тәрбиелеуде мәдениет саласы ерекше мәнге ие.

Есептi кезеңге ауданда барлық меншiк нысанындағы 43 мәдениет объектiсi, оның iшiнде:

19 — клубтық үлгiсiндегi мекемелер,

23 — кiтапханалар,

1 — тарихи-өлкетану музейi. Олардың қызметi мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында мәдениет мекемелерiмен 15266 адамды қамтыған 1006 iс-шара өткiзiлдi (Есiл аудандық МҮ 6243 адамды қамтыған 418 iс-шара, тарихи-өлкетану мұражайы 1048 адамды қамтыған 20 iс-шара, орталықтандырылған кiтапхана жүйесi 5635 адамды қамтыған 512 iс-шара, Ясновка АМҮ 2340 адамды қамтыған 56 iс-шара).

КIТАПХАНА ЖҮЙЕСI:

Есiл ауданының орталықтандырылған кiтапхана жүйесi 23 кiтапханадан, орталық аудандық, балалар және 21 ауылдық филиалдардан тұрады. Кiтапханалардың жалпы қоры 200282 дананы құрайды, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 73262 дана.

Бiрiншi жартыжылдықта қорлар 2194 дана жаңа кiтаптармен, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша және сыйға алынған 1798 дана 3723,3 мың теңгеге мемлекеттiк тiлде толықтырылды.

Кiтапханалардың негiзгi бақылау көрсеткiштерi оқырмандар саны, кiтапханаға келушiлер мен кiтап беру болып табылады. Қазiргi уақытта оқырмандар саны 6912 адамды құрайды , келушiлер саны — 66870, кiтап беру саны — 121510.

Кiтапханалармен 512 iс-шара өткiзiлiп, оған 5635 адам қатысты. Сонымен қатар, кiтапханалар әлеуметтiк желiлерде белсендi жұмыс iстейдi, олардың беттерiнде әртүрлi тақырыптағы 149 бейне-iс-шаралар жарияланды, олар 53759 рет қаралды. ОКЖ компьютерлер паркi 23 бiрлiктi құрайды, 12 кiтапхана компьютерлендiрiлген, 5 кiтапхана Интернетке шығу мүмкiндiгi бар. Жыл басынан берi екi жаңа компьютер сатып алынып, Заградовка және Покровка кiтапханаларына Интернет тартылды. Орталық кiтапхананың ресми сайты бар, оның беттерiнде өз қызметi жарияланады, бұдан басқа сайтта Е. Зикибаев, М.П. Ключеров және т.б. жазушылар мен ақындардың цифрланған кiтаптары орналастырылған.

Аудан кiтапханаларында 34 бос уақыт клубтары мен үйiрмелер жұмыс iстейдi, оларға 259-дан астам адам барады. Сонымен қатар, кiтапханалар түрлi бағыттағы 17 жоба мен мақсатты бағдарламалар бойынша жұмыс iстейдi.

Бiрiншi жартыжылдықта кiтапханашылар аудандық және облыстық байқауларға қатысты:

  1. Кiтап пен оқуды iлгерiлету бойынша үздiк кiтапханалық жобаға «Жобаны қорғау» аудандық онлайн-байқауы.
  2. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДIК АУЫЛДЫҚ КIТАПХАНАСЫ-2022», Ғабит Мүсiреповтiң 120 жылдығына, Сафуан Шаймерденовтiң 100 жылдығына, Кәкiмбек Салықовтың 90 жылдығына арналған, «Бiр ел — бiр кiтап» республикалық акциясы (А. Байтұрсынов) арналған.
  3. "ҮЗДIК АУЫЛДЫҚ КIТАПХАНАШЫ", Ғабит Мүсiреповтiң 120 жылдығына, Сафуан Шаймерденовтiң 100 жылдығына, Кәкiмбек Салықовтың 90 жылдығына, А. Байтұрсыновтың «Бiр ел — бiр кiтап» республикалық акциясына арналған.

Мәдениет мекемелерiнiң қызметкерлерi 2022 жылдың бiрiншi жартыжылдығында ауданның, облыстың барлық iс-шараларына белсене қатысып, белгiлi бiр жетiстiктерге қол жеткiздi. Ясновский АМҮ «Аялайық ананы» балалар республикалық дистациялық байқауында 1 орын, «Давыдовский» халықаралық театр фестивалiнде 3 орын алды.

СПОРТ

Спорттық нысандардан ауданда 185 спорт ғимараты жұмыс iстейдi: трибунасы бар 2 стадион, 23 спорт залы, 25 хоккей корты, 121 жазық құрылыс, 1 шаңғы базасы, 11 кiрiктiрiлген спорт залы.

Ауданда БЖСМ жұмыс iстейдi, онда 11 спорт түрiмен 708 адам айналысады, балалар жасөспiрiмдер аула клубы, онда 11 спорт түрiмен 182 адам айналысады.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысатындардың саны 7870 адамды немесе бүкiл халықтың 37,8%-ын құрайды.

ДСК құрылысын аяқтауға 2022 жылға жобалық-сметалық құжаттамаға түзету жүргiзiлдi, түзету сомасы 431,4 млн. теңгенi құрайды (аяқтау үшiн сома 260,2 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 34,1 млн. теңге бөлiндi). Жобаның оң сараптамасы бар.

12.07.2022
Қаралым саны: 257
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz