Латын графикасы – болашықтың әліппесі

Явленка ауылдық округiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2018 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес, «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2018 жылғы 06 сәуiр күнi бөлiм жанындағы қазақ тiлi кабинетiнде «Латын графикасы — болашықтың әлiппесi» атты дебат өткiзiлдi.

Атаулы iс-шараға ауданымыздың мемлекеттiк мекемелерiнен қызметшiлер қатысты. Дебат өткiзу барысында «Достық» және «Азаматтық» атты екi топ құрылып, латын графикасына көшу бағдарламасының оңтайлы және тиiмсiз жақтары қарастырылды. «Достық» тобы латын әлiпбиiне көшудi қолдаса, «Азаматтық» топ латын графикасына көшудiң тиiмсiз жақтарының көптiгiн дәлелдеуге тырысты. Алайда, «Достық» тобы атаулы бағдарламаның оңтайлы жақтарын атап қана қоймай, нақты дәлелдерiмен қарсылас топтың ойын өзгертiп, дебат соңында қатысушылардың барлығы қазақ тiлiн латын графикасына көшiру бағдарламасын толықтай қолдады.

16.04.2018
Қаралым саны: 1597
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz