Мәнерлеп оқу байқауы

Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы, еңбегі ерекше ағартушы-педагог, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, мемлекеттік мекеме арасынан талапты, талантты қызметшілерді іздеп табу мақсатында мәнерлеп оқуға байқау өткізілді.

Байқаудың нәтижесі бойынша I орынды Заградовка орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — А. Бекмағамбет, II орынды Т. Позолотин атындағы № 1 Явленка орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — А. Сыздықова, III орынды сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманы — Е. Байтоқов алды.

Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы — А. Могильная, ішкі саясат бөлімі жұмысқа орналастыру инспекторы — Н. Октябрь, Петровка орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — М. Оспанова алғыс хаттармен марапатталды.

22.10.2022
Қаралым саны: 259
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz