Есіл ауданы мәдениет мекемелерінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Мәдениет мекемелерінің қызметі-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз етудің негізі. Есептік кезеңде ауданда барлық меншік нысанындағы 43 мәдениет объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде — 19 клуб үлгісіндегі мекеме, 23 кітапхана, 1 — мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған тарихи-өлкетану мұражайы.

Есіл ауданы бойынша тарихи-мәдени маңызы бар 107 нысан бар: тарих ескерткіштері, археология ескерткіштері, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіштер.

«Қазақстанның киелі геграфиясы» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде Бұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан Құлсары батырдың жерленген жері жергілікті маңызы бар мемлекеттік Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

Ауданда мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту және халық шығармашылығын жаңғырту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Еліміздің басты мерекесі - ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Заградовка ауылдық кітапханасында коворкинг-орталық ашылды. Кітапханаларда коворкинг-орталықтардың ашылуы-ауыл тұрғындары үшін жақсы жаңалық. Осылайша, кеңістік тек жұмыс үшін ғана емес, демалу үшін де жасалады.

2020 жылғы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Есіл ауданының мәдениет мекемелерінің қызметкерлері үшін кәсіби қызметтегі жетістіктерге толы болды.

2020 жылдың маусым айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында СҚО әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Өнерлі қыз, өнегелі ана» облыстық конкурсын өткізді, онда Есіл аудандық мәдениет үйінің костюмері Жарлыгапова Дамели Кайржановна қызы Төлеген Жансаямен бірге бас жүлдені жеңіп алды.

Есіл аудандық мәдениет үйінің «Есіл әуендері» қазақ халық аспаптар ансамблінің жетекшісі Тоймырза Ибадуллаұлы Абашов Петропавл қаласында өткен облыстық жыршы — термеші «Текті сөздің төресі — терме» байқауында 1 орын алды.

2020 жылдың тамыз айында Петропавл қаласында «Қызылжар аламаны» телевизиялық айтысы аяқталды. Жерлестеріміз Диас Аяған (Ақтас ауылы), Абзал Жұмабек (Ақтас ауылының тұрғыны), Жұмабек Рахимов (Өрнек ауылының тумасы) ақындардың жоғары импровизациялық қабілеттерін көрсетті. Әділқазылар алқасы Абзал Жұмабекті жеңімпаз деп таныды, оның қарсыласы Жұмабек Рахимов екінші орынға ие болды.

2020 жылдың 23 қазанында «Абылай хан резиденциясы» мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс музейлері арасында V облыстық экскурсия жетекшілерінің байқауы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы «Солтүстік Қазақстан облысының киелі картасы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамашылық еткен «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасымен үндеседі. Байқау қорытындысы бойынша Есіл ауданы тарихи-өлкетану мұражайының экскурсоводы Кутейникова Инна Сергеевна Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының дипломымен және сыйлықпен II орын алды.

Мұражайдың экскурсия жетекшісі И.С. Кутейникова дайындаған «Құлсары батыр туралы аңыз іздері бойынша» бейне-сюжет Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау және пайдалану орталығы белгілеген арнайы номинацияның қорытындысы бойынша лайықты бірінші орынға ие болды. Осылайша Республикалық байқауға қатысуды қамтамасыз етті.

2020 жыл ішінде ауданның мәдениет мекемелерімен 19268 адамды қамтумен 783 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Барлық іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында өтіп, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен жетістіктерін насихаттады.

Кітапханалардың кітап қорын толықтыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша және сыйға сомасы 8395,3 мың теңгеге 5247 дана кітап келіп түсті. Жалпы кітап қоры 195048 дана кітапты құрайды. Оқырмандар саны — 7405 адам.

Ауданның тіл саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.

2020-2021 оқу жылына Есіл ауданының мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік тілге оқыту бойынша 3 топ құрылып, онда 36 мемлекеттік қызметші оқиды. 2020 жылдың қыркүйек айында «Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» КММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ арқылы мемлекеттік тілді оқыту бойынша 3 топ ашылды.

05.02.2021
Қаралым саны: 804
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz