Гендерлік саясат

Қазiргi Қазақстанда гендерлiк теңдiк саясаты ҚР Конституциясына сәйкес жүргiзiледi. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 2-тармағында айтылған:

«Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi де кемсiтуге болмайды».

30 қаңтар аудандық орталық кiтапханасында «Гендерлiк теңдiк — демократиялық қоғамның негiзi» атты тақырыптық кездесуi өткiзiлдi. Осы iс-шараға аудан ұйымдарының қызметкерлерi қатысты.

Кiтапханашы О.В. Тананика интерактивтiк әдiстер көмегiмен және топтық талқылау арқылы, қатысушыларды гендiрлiк жүйемен, әр елдерде және Қазақстанда гендерлiк саясаттың даму тарихымен таныстырды.

Кездесуде қазiргi әлемде ерлер мен әйелдер арасындағы теңдiк жайлы сауалдар көтерiлдi.Бiздiң елде ерлер мен әйелдер тең құқылы, олар бiрдей бiлiм алып,бiрдей жұмысқа тұра алады. Мұндағы негiзгi ой өзегi, сен ер адамсың ба әлде әйелсiң бе, ең бастысы — өз жұмысыңның кәсiби маманы болу, шығармашылық және мақсатты болуы қажет.

Сонымен қатар гендерлiк теңдiкте ер адамдар мен әйелдерге арналған қандай пайда бар екендiгiн бiлдi. «Терминологиялық жаттығу» тапсырмасында қатысушылар гендерлiк терминiне мағыналық жауаптарын айтулары қажет.

«Жиналатын портрет» жаттығуында пайдаланушылар ер адам мен әйелдердiң жеке басының қасиеттерiнiң тiзiмiнен өздерiнiң пiкiрлерi бойынша, олардың қандай болатынын таңдаулары қажет болды. Келесi тапсырмада аудитория екi топқа бөлiнiп, әр топта өз отбасыларына арналған мiндеттерiмен бөлiстi.

Тақырыптық кездесуде қатысушылар сауалдарға жауаптарын алып, Қазақстандағы гендерлiк теңдiк стратегиясын енгiзу жөнiндегi өзектi сұрақтарға арналған өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Қатысушылардың барлығы бiздiң елiмiзде құқықты және демократия орнатуда маңызды әрi үйлесiмдi қадам жасау керектiгiн айтып,бiр пiкiрге келдi.

Гендерлік саясат

Гендерлік саясат

30.01.2018
Қаралым саны: 906
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz