Қазақстан халқы тілдері күні

Қазақстан халқының Тілдер күні еліміздің әрбір тұрғыны үшін бізді біріктіретін мерекеге айналды. Бұл күні біз тілдің маңыздылығы, оның халықтың дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін сақтаудағы шешуші рөлі туралы айтамыз. 2020 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің 22-ші фестивалі аясында аудандық орталық кітапхананың коворкинг орталығында «Қасиетті ана тілім» атты іс-шара өтті. Іс–шара барысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Абай — дана, Абай — дара қазақта» байқауының қатысушылары марапатталды. Байқауға қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Аудандық мәдениет үйінің әртістері Отанға, туған тілге деген сүйіспеншілік туралы музыкалық нөмірлер орындады. Құрметті есілдіктер, Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймыз! Ол бейбітшілік пен өзара түсіністік әкелсін! Ана тілінің дамуы туралы әрдайым есте сақтап, ҚР-да тұратын барлық халықтардың тілдеріне құрметпен қаралық.

14.09.2020
Қаралым саны: 931
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz