«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ 2022 жылғы 1 маусымнан 2023 жылғы 1 мамырға дейін аралығындағы қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

«Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

«Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тілдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Әдеп кодексіне негізделеді.

«Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-де 2022 жылдың 1 маусымы мен 2023 жылдың 1 мамыры аралығында өз еркімен 4 адам ауыстырылды.

Кадрлардың орташа ауысу нормаларынан асқан кезде қызметкерлерді жұмыстан шығару, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

«Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-де жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестес болу фактілері жоқ.

2. «Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-де мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену фактілері туындаған жоқ.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-де жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері анықталған жоқ.

3. МТДДШжС бөлімімен 1 мемлекеттік: спорттық разрядтарды беру бойынша: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың 1 маусымы мен 2023 жылдың 1 мамыры аралығында «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ спорттық разрядтарды беру бойынша 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 8 жасөспірімдер разряды және 1 жаттықтырушы-оқытушы.

Мемлекеттік қызметтер стандарттарда көрсетілген мерзімде көрсетіледі. Бөлімде тігілген және нөмірленген мемлекеттік қызметтер көрсетуді тіркеуді есепке алу журналы және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, стандарттар, регламенттер, көрсетілетін қызметтер тізбесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Қызмет 10 жұмыс күннің ішінде көрсетіледі.

4. Уәкілетті органға енгізілетін ақпарат сапалы, шынайы болып табылады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісі ретінде «Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ қызметін жан-жақты қамтиды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар жоқ.

Бөлім өзінің ведомствосында «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ «Есіл аудандық Мәдениет үйі» МКҚК және «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ бар.

Аудандық Мәдениет үйінде 2022 жылдың 1 маусымы мен 2023 жылдың 1 мамыры аралығында 5 адам өз еркімен (1 адам — бап бойынша) жұмыстан шығарылды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 7 адам өз еркімен жұмыстан шықты.

Кадрлардың орташа ауысу нормаларынан асқан кезде қызметкерлерді жұмыстан шығару, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.    

Осы мекемелерде жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилиирлену фактілері жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену фактілері де туындаған жоқ.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ «Есіл аудандық Мәдениет үйі» МКҚК және «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.  

Өкілеттіктің дискрециялық мерзімдерінің, әкімшілік кедергілердің болуы анықталған жоқ.

Салалық заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілер арасында заңдық сәйкессіздіктердің болуы анықталған жоқ. 

27.06.2023
Қаралым саны: 181
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz