«Адал жол — честный путь»

31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында Есіл ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқаны «Адал жол — честный путь» атты эстафетасын қабылдады. Бұл іс-шара 2018 жылдың 31 тамызға дейін біздің ауданымызда өтті. Мәдениет мекемелерінде Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әзірлеген жоспар шеңберінде дөңгелек үстелдер, кездесулер, нақты әңгімелер және т.б. өткізілді.

Қыркүйектің 5 жұлдызында «Болашақ» саябағында «Адал жол — честный путь» атты жемқорлыққа қарсы Форум, оның ішінде Жамбыл ауданына «Адал жол — честный путь» атты эстафета беруінің рәсімі өтті. «Адал жол — честный путь» туы, «Алтын Адам» символы және альбом Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары З. Макеновке берілді.

06.09.2018
Қаралым саны: 1447
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz